Accessibility links

Астанада үш жұмысшы биіктен құлап мерт болды


Құрылыс жұмыстары. (Көрнекі сурет).

Құрылыс жұмыстары. (Көрнекі сурет).

Астанада құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан алты жұмысшы құрылыс ғимаратынан құлап, оның үшеуі қаза тапты деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Департамент мәліметінше, алдын-ала деректерге қарағанда алты жұмысшы Тұран даңғылындағы жаңадан салынып жатқан көпфункциялы мұз айдыны құрылысында құрылыс сатысын бұзып жатып шамамен 20 метрлік биіктіктен құлап кеткен. Үш жұмысшы ауруханаға түскен. Алдын-ала мәлімет бойынша, жұмысшылар Косово республикасынан келген, "Mabco Construction S.A." фирмасының Астана қалалық филиалында жұмыс істейді. Оқиға сағат 11 шамасында болған.

XS
SM
MD
LG