Accessibility links

Қазақстан жас әншілері "Славян базарының" екі жүлдесін жеңіп алды


"Славян базары" халықаралық өнер байқауының ересектер арасындағы конкурсының "Гран-при" жүлдесін жеңіп алған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген. Сурет конкурстың ресми fest-sbv.by сайтынан алынды.
"Славян базары" халықаралық өнер байқауының ересектер арасындағы конкурсының "Гран-при" жүлдесін жеңіп алған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген. Сурет конкурстың ресми fest-sbv.by сайтынан алынды.

Қазақстандық екі әнші Беларусьтің Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде "Гран при" жүлдесін жеңіп алды. Ақтөбелік әнші, қазір Астанадағы өнер академиясында оқитын Димаш Құдайберген фестивальдің ересектер арасындағы конкурсында "Гран-приді" жеңіп алды. Ал ақтаулық 10 жастағы Луиза Нұрқуатова фестиваль аясында өткен "Витебск-2015" халықаралық балалар музыка байқауының "Гран-при" жүлдесін жеңіп алды.

Конкурсқа Әзербайжан, Армения, Болгария, Италия, Куба, Қазақстан, Мексика, Польша, Ресей, Литва, Македония, Польша, Сербия, Чехия, Эстония, Украина және Румыниядан барлығы 21 жас орындаушы қатысты.

Ережеге сай алдымен жартылай финал өтіп, одан жоғары ұпай жинаған 15 әнші финалда бақ сынады. Конкурстың бас жүлдесі – 20 мың доллар.

«Славян базары» халықаралық өнер фестивалі 1992 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

XS
SM
MD
LG