Accessibility links

Ауғанстанда жарылыс құрбандары саны 33-ке жетті


Хост уәлаятындағы Кэмп Чэпмэн әскери базасы маңында болған жарылыстан кейінгі сәт. Ауғанстан, 12 шілде 2015 жыл.
Хост уәлаятындағы Кэмп Чэпмэн әскери базасы маңында болған жарылыстан кейінгі сәт. Ауғанстан, 12 шілде 2015 жыл.

Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост уәлаятында 12 шілдеде болған көлік жарылысынан қаза тапқандар саны 33 адамға жетті. Жарылғыш заттар тиелген көлік уәлаяттағы Кэмп Чэпмэн әскери базасына жақын маңда жарылған.

Уәлаят губернаторының ресми өкілі Мобариз Задран қаза тапқандардың барлығының бейбіт тұрғындар екенін айтты.

Америкалық әскерилерге арнап салынған базаның бақылау-өткізу бекетін ауған қауіпсіздік күштері күзетеді.

Кэмп Сэпмэн базасын бұған дейін АҚШ Орталық барлау басқармасы (немесе ЦРУ) содырларға қарсы шабуылдарды бақылау үшін пайдаланған. Бұл базаны қазір шетелдік және ауған әскері пайдаланады.

XS
SM
MD
LG