Accessibility links

Құқық қорғаушылар: ИМ-нің 2 лидері өлтірілді


ИМ шекарасындағы кезекті әуе шабуылы

ИМ шекарасындағы кезекті әуе шабуылы

Сириялық құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, елдің солтүстік-шығысындағы әуе шабуылынан "Ислам мемлекеті" тобының екі лидері өлтірілген.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегінше, шабуылдан ирактық Әбу Усама әл-Ираки мен сириялық Амер әл-Рафдан қаза тапқан.

Әзірге әуе шабуылын қай тарап ұйымдастырғаны белгісіз. Сирияда ИМ нысанасына үкімет әскері немесе шетелдік коалиция жиі әуеден соққы беріп жатыр.

Әл-Ираки өзін Сирияның солтүстік-шығысындағы ИМ территориясының "губернаторы" деп жариялаған. Рафдан Дейр эз-Зор провинциясының "губернаторы" деп жарияланған.

ИМ-нің екі лидерінің өлімі туралы сириялық әскерилер әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

XS
SM
MD
LG