Accessibility links

Ақ үй 90 адамға рақымшылық жасады


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама федералды түрмеде отырған 46 сотталушының жазасын жеңілдетті. Сотталғандардың көбі есірткі сатқан үшін жазаланған. Олар биыл 10 қарашада бостандыққа шығады. Жазасы жеңілдегендердің тізімінде өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар да бар.

Обама 90 адамға рақымшылық жасау құжатына қол қойды. Рақымшылыққа есірткі саудасымен сотталғандар мен аса ауыр емес қылмыс жасағандар ілінген.

16 шілдеде Ақ үй басшысы елдегі федеральды түрмеге барады. Барак Обама осы түрмеге барған алғашқы АҚШ президенті болмақ.

XS
SM
MD
LG