Accessibility links

АҚШ-та өзбек азаматының соты басталады


Фазлиддин Курбанов.

Фазлиддин Курбанов.

АҚШ территориясында теракт ұйымдастыруды жоспарлады деген күдікпен ұсталған Өзбекстан азаматы Фазлиддин Курбановқа қатысты бүгін сот басталады.

32 жастағы Курбанов АҚШ-қа 2009 жылы босқын ретінде қоныс аударған. Ал 2013 жылы мамырда ол Бойсе (Айдахо штаты) пәтерінде "Өзбекстан ислам қозғалысы" тобын насихаттады", "адамдарды терроризмге үгіттеді", "заңсыз қару сақтады", "теракт жоспарлады" деген күдікпен қамауға алынған.

Курбанов екі жылдан бері қамауда отыр. Ол өзіне тағылған бүкіл айыпты мойындамайтынын айтып келеді.

Курбанов - терроризмге қатысты АҚШ территориясында ұсталған алғашқы Өзбекстан азаматы.

XS
SM
MD
LG