Accessibility links

Қытай полициясы "күдікті" үш ұйғырды атып тастады


Шыңжаң автономиялық ауданы орталығы Үрімжіде жүрген қытайлық полиция жасағы. (Көрнекі сурет).

Шыңжаң автономиялық ауданы орталығы Үрімжіде жүрген қытайлық полиция жасағы. (Көрнекі сурет).

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Шэньян қаласында полиция үш этникалық ұйғырды "террористер және тұтқындауға қарсылық танытып, пышақ қолданды" деп атып тастады.

Полицияның өздерінің микроблогында хабарлауынша, олар 13 шілдедегі оқиғада төртінші күдіктіні жаралап, "олармен бірге болған" үш баланы ұстаған.

"Полиция террористер ескертуді елемегеннен кейін ғана оқ атты" делінген ресми хабарламада.

Қытай мемлекеттік ақпарат құралдарының Ляонин провинциясы билігіне сілтеме жасап хабарлауынша, полиция күдіктілерді рейд кезінде олар тұрып жатқан үйге кірмек болған кезде өлтірген.

Мюнхенде орналасқан Ұйғыр конгресі қаза тапқандардың Қытайдан елдің солтүстіктегі шекарасы арқылы қашпақ болған бір топ ұйғырдың құрамында болғанын айтады.

Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаңда тұратын мұсылман ұйғырлар мен этникалық хансулар арасында қақтығыстар жиі қайталанады. Пекин билігі аймақтағы кез-келген зорлық-зомбылықты тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құруды көздейтін «содырлар» мен «сепаратистерге» жабады.

XS
SM
MD
LG