Accessibility links

ШҚО Күршім ауданы әкімі өлі күйде табылды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтің денесі бүгін жансыз күйде табылды деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Жақыпов Азаттыққа қазір тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтып, оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат кейінірек болатынын айтты.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары Алтайбек Сейітовтің денесі оның өз үйінде табылғанын және денесінде зорлықпен өлтіру белгілері болғанын хабарлаған.

Алтайбек Сейітов 2007 жылдың ақпанында Күршім ауданы әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Астанада "Продкорпорация", "Астық қоймалары" компанияларында директордың қаржы ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

XS
SM
MD
LG