Accessibility links

Путин дербес мәлімет жайлы заңға қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин. Уфа, 13 шілде 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Уфа, 13 шілде 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин кейбір сыншылар "үкіметті немесе шенеуніктерді сынайтын ақпаратты бұғаттауға қолданылуы мүмкін" деп санайтын заңға қол қойды.

Заң бойынша, енді ресейліктер Google сияқты интернетте іздеу жүйесінен өзіне қатысты "қолайсыз ақпараты бар" кез-келген сілтемені өшіруді талап ете алады.

Бұған қоса ресейліктер егер өзі туралы ақпаратты "кейінгі оқиғалардан мәнін жойды" деп танылса да жоюды талап ете алады. Мұндай талап көбінесе сотталу мерзімі аяқталған қылмыс туралы ақпаратты өшіруге қойылады.

Заң жобасын Ресей мемлекеттік думасы 3 шілдеде мақұлдап, бес күннен кейін Федерация кеңесі мақұлдаған.

Бұған дейін заң жобасын қолдаған депутат Леонид Левин құжат "интернеттегі бопсалау мен кемсітушілікке тоқтау салатын құрал пайда болатынын" айтқан.

Ресейдің Yandex іздеу жүйесі заңды "адамдардың маңызды әрі сенімді ақпарат алуына кедергі келтіреді" деп санайды.

XS
SM
MD
LG