Accessibility links

Күршім әкімінің өлімі бойынша іс ашылды


Алтайбек Сейітов, Күршім ауданының әкімі. Ресми сайттан алынған сурет.

Алтайбек Сейітов, Күршім ауданының әкімі. Ресми сайттан алынған сурет.

14 шілде күні мәйіті табылды деп хабарланған Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтің өліміне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Tengrinews.kz вебсайты хабарлады.

Департамент: "Қазір оқиға орнын ШҚО ІІД-нің жедел тергеу тобы тексеріп жатыр" деп мәлімдеген.

14 шілде күні түс кезінде өз үйінде табылған Сейітовтің өлі денесінде жарақат іздері бар деп хабарланған. 1951 жылы туған, мамандығы агроном Алтайбек Сейітов Күршім ауданының әкімі болып 2007 жылы тағайындалған еді.

XS
SM
MD
LG