Accessibility links

Чемпиондар лигасы: Словакияда "Астана" жеңілді


"Астана" командасының Қазақстан суперкубогын жеңіп алған кезі. Астана. 1 наурыз 2015 жыл. (ҚФФ суреті).

"Астана" командасының Қазақстан суперкубогын жеңіп алған кезі. Астана. 1 наурыз 2015 жыл. (ҚФФ суреті).

Футболдан Қазақстан чемпионы "Астана" командасы Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде словакиялық "Марибор" клубымен кездесті.

Мариборда өткен алғашқы матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды 5-минутта Марко Шулер салды.

"Астана" клубы екінші іріктеу кезеңіне шығу үшін 22 шілдеде Астанада өтетін қарымта матчта бәсекелесінің қақпасына кемінде екі гол салып, өз қақпасына бірде-бір доп өткізбеуі тиіс.

Чемпиондар лигасының төрт іріктеу кезеңінен өткен командалар осы жарыстың топтық кезеңіне шығады.

XS
SM
MD
LG