Accessibility links

Қазақстанда күн ысиды


Аптапта фонтандағы суға шомылып жүрген адамдар. (Көрнекі сурет)

Аптапта фонтандағы суға шомылып жүрген адамдар. (Көрнекі сурет)

Алматыда жақын күндері ауа райы +43 градусқа дейін ысуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Департамент хабарламасында «15-17 шілдеде Алматы қаласы және Алматы облысының кей жерлерінде ауа темперетурасы +33-38 градусқа дейін, кей аймақтарда +41-43 градусқа дейін жетуі ықтимал. Сондықтан тұрғындардың жиі су ішіп, көлеңкеде көбірек болғаны жөн. Көлік жылдамдығына ыстық ауа райы әсер ететінін, сондықтан жолда абай болу керектігін еске саламыз» деп жазылған.

Ауа райын болжау мекемесі алдағы күндері Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы +40-43 градус, Оңтүстік Қазақстан облысында +46 градусқа дейін жететінін ескертеді.

XS
SM
MD
LG