Accessibility links

Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері 69 жастағы италиялық маман Фабио Капелло отставкаға кетті. Бұл туралы шешім Ресей футбол одағының (РФО) 14 шілдеде өткен арнайы жиынында қабылданған.

РФО Капелломен келісім-шартты мерзімінен бұрын үзгендіктен оған 930 миллион рубль өтемақы төлеуі тиіс.

Фабио Капелло Ресей құрамасына 2012 жылы келген. Оның басқаруымен Ресей 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатына қатысқанымен топтық кезеңнен өте алмаған.

Қазір Ресей құрамасы 2016 жылы өтетін Европа чемпионатының іріктеуінде алты ойыннан кейін өз тобында үшінші орында тұр.

Фабио Капелло Ресей құрамасын жаттықтырған кезде әлемдегі ең көп еңбекақы алатын бапкер болған.

XS
SM
MD
LG