Accessibility links

Канада мен Украина еркін сауда аймағын құрмақ


Канада премьер-министрі Стивен Харпер.

Канада премьер-министрі Стивен Харпер.

Канада премьер-министрі Стивен Харпер 14 шілде күні Украинамен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді. Келісімге Украина премьер-министр Арсений Яценюктің Канадаға сапары кезінде қол қойылған.

Енді бұл келісімді екі елдің парламенттері ратификациялауы тиіс.

Келісімге сәйкес, Канада Украинаға экспорт көлемін 41,2 миллион долларға, ал Украина Канадағы мата өнімдері мен металлургия өнімдері экспортын 23,7 миллион долларға жеткізуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG