Accessibility links

Ақмола облысында ауыл әкімін өлтірген


Ақмола облысының аумақтық картасы.

Ақмола облысының аумақтық картасы.

Ақмола облысы Белағаш ауылдық округінің әкімі кісі қолынан қаза болған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Қылмыстық оқиға шілденің 14-і күні кешкі мезгілде болған.

Департамент таратқан ақпаратта Белағаш ауылдық округінің әкімі болып қызмет істейтін 1982 жылы туған азаматшаға ауыл әкімдігінің ғимаратында бірнеше жерден пышақ салынып, ауыр жараланған әкімнің ауруханада қайтыс болғаны айтылған.

Бұл қылмысқа күдікті 1978 жылы туған ер адам да қазір аудандық ауруханада жатыр, ол жатқан палатаға күзет қойылған. Полицияның хабарлауынша, қылмыстық оқиғадан соң күдікті өз-өзіне қол салмақшы болған.

Бұған дейін шілденің 14-і күні Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауданы әкімінің жансыз денесі үйінен табылғаны хабарланған еді. Полицияның мәліметі бойынша, аудан әкімі кісі қолынан мерт болған.

XS
SM
MD
LG