Accessibility links

Астана Иран мен "алтылық" келісімін қолдайды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты Венада Иран мен әлемдік алты держава қол жеткізген түпкілікті келісімді Қазақстан құптайды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі жарияланды.

«Біз бұл келісімді аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік беретін, Иран мен халықаралық қауымдастық арасындағы қарым-қатынасты реттеуге үлес қосатын және өңірдегі барлық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына, Қазақстан-Иран екіжақты ынтымақтастығына септігін тигізген тарихи оқиға деп бағалаймыз» делінген СІМ ақпаратында.

14 шілде күні Венада Иран мен «алтылық елдері» ұзаққа жалғасқан келіссөздерден кейін Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жұмсартуды көздейтін келісімге келген.

XS
SM
MD
LG