Accessibility links

Киев: Донбасстағы жағдай қайта шиеленісті


Донецк облысындағы украиналық әскерилер. 7 шілде 2015 жыл.

Донецк облысындағы украиналық әскерилер. 7 шілде 2015 жыл.

Украиналық әскерилер Донбасстағы жағдайдың шиеленіскенін хабарлады. Өткен тәулікте сепаратистер украин әскерінің позицияларын жүз реттен көп атқылаған.

Украина шығысындағы антитеррорлық операциялар баспасөз орталығының дерегінше, сепаратистер өздеріне қарсы артиллериядан, минометтен, дүркіндете ататын реактивті жүйеден және танктен оқ атқан. Киевтің мәлімдеуінше, Донецк облысында украин армиясының Авдеевка, Опытный, Водяный, Песок, Киров, Новгородск, Луганск аудандарындағы позициялары атқыланған. Луганск бағытында сепаратистер Луганская Станица, Новотошковский, Крымский және Трехизбенки аудандарындағы украин әскерилерін атқылаған.

15 шілдеге қараған түні Украина әскерилері сепаратистердің Опытное елді мекеніне жасаған шабуылын тойтарған.

Ал өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" билігі керісінше, украин әскерилерінің Горловка елді мекенін артиллерия мен танктерден атқылағанын мәлімдеді.

Әзірге екі тараптан да адам шығыны туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG