Accessibility links

Германияда Аушвиц лагерінің бұрынғы қарауылы сотталды


Аушвиц концлагерінің бұрынғы күзетшісі Оскар Гроунинг сотта өзіне шыққан үкімді тыңдап отыр. Люнебург, Германия, 15 шілде 2015 жыл.

Аушвиц концлагерінің бұрынғы күзетшісі Оскар Гроунинг сотта өзіне шыққан үкімді тыңдап отыр. Люнебург, Германия, 15 шілде 2015 жыл.

Германия соты бұрынғы нацистік Аушвиц (Освенцим) концентрациялық лагерінде қарауыл болып жұмыс істеген 94 жастағы Оскар Гроунингті төрт жылға соттады.

Германияның солтүстігіндегі Люнебург қаласы соты 15 шілдеде "Освенцим бухгалтері" деген атпен әйгілі Оскар Гроунингті "1944 жылы кемінде 300 мың еврейдің қырылуына қатысы бар" деген айыппен соттады.

Өзін "моральдық тұрғыда айыптымын" деп мойындаған бұрынғы нацистік концлагерь офицері Гроунинг лагерьге депортацияланып келгендердің заттарын жинап, ақшаларын Берлиндегі концентрациялық лагерлерді басқару кеңсесіне жөнелтуге жауапты болған.

Гроунинг 14 шілдеде судьяға концентрациялық лагерьде өткізген кезеңі үшін "қатты өкінетінін" айтты.

1940-1945 жылдары Польша территориясындағы нацистердің Аушвиц-Биркенау (Освенцим) концлагерінде көпшілігі еврейлер, 1 миллионнан астам адам құрбан болған.

XS
SM
MD
LG