Accessibility links

Экологиялық белсенділер президентке хат жіберді


«Көкжайлауды қорғайық» қозғалысы белсенділерінің бірі Андрей Бузыкин.

«Көкжайлауды қорғайық» қозғалысы белсенділерінің бірі Андрей Бузыкин.

Бүгін Алматыда «Көкжайлауды қорғайық» қозғалысының белсенділері президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жіберді. Қазпошта арқылы жіберілген хатпен бірге 1 мың 266 адамның қолы қойылған бір бума қағаз да бар.

«Көкжайлауды қорғайық» қозғалысы белсенділерінің бірі Андрей Бузыкиннің сөзінше, «Көкжайлауды» қорғап қалуға барлығы 16 мың 191 адам қолдау білдіріп, қол қойған.

- Біз бүгін жақында өткен Альпиниадада жиналған қолдарды ғана жібердік. Хаттың жеткені туралы екі күннің ішінде бізге жауап келуі тиіс Біз президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Көкжайлауға қатысты жобаның қажеттілігі жайлы тағы бір ойлануын сұраймыз. Жанындағылармен ақылдасып барлығымызды разы ететіндей шешім қабылдайтын шығар деген үміттеміз, - деді Бузыкин.

Іле Алатауының қорықты аймағында "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайын салу жобасына қарсы дау бұдан бірнеше жыл бұрын туындаған. Әлеуметтік желілерде "Көкжайлауды қорғаймыз" деп аталатын топ та құрылған. Жоба бойынша, шипажайда 2,7 гектар аумаққа альпі ағаштары бар қонақүйлер, мейрамханалар салу, 185 гектар аумаққа 63 километрді құрайтын тау шаңғысы трассасын, 16 аспалы жол тарту жоспарланған.

Болжам бойынша, шипажай бір күнде мыңнан астам шаңғышыны қабылдайды. 2014 жылдың басында Назарбаев қолдаған жобаға бюджеттен 455 миллион АҚШ доллары, жекелеген инвесторлардан шамамен 900 миллион АҚШ доллары жұмсалмақ.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG