Accessibility links

"Сириза" партиясы Ципрасқа қарсы дауыс беруі мүмкін


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас бүгін парламентте кредиторлар талап еткен қатаң экономикалық реформалар қабылдау туралы заң жобасын талқылау қарсаңында өзі басқаратын солшыл радикалды "Сириза" партиясы тарапынан қарсылыққа ұшырай бастады.

Еуро қолданатын елдер басшылары 13 шілдеде Алексис Ципраспен Грекияға қосымша көмек қаржы бөлу туралы келісім жасасқан. Бірақ Грекия ол қаржыны алу үшін салықты көбейтіп, зейнетақыны азайту сияқты бірқатар бюджет шығынын азайтып, кірісті көбейтетін экономикалық қатаң реформалар қабылдауы тиіс.

Грекия парламенті бүгін кешке келісім бойынша қабылданатын реформалар пакетін қарап, мақұлдайды деген болжам жасалған. Бірақ салықты көбейтіп, зейнетақыны азайту сияқты бірқатар бюджет шығынын азайтып, кірісті көбейтетін экономикалық реформалар "Сириза" партиясының саясатына қайшы келіп тұр.

"Сириза" партиясынан сайланған депутаттардың көпшілігі реформалар пакетіне қарсы дауыс беріп, Ципрас үкіметінің қазіргі құрамда ары қарай да жұмыс істеуіне қауіп төндіруі мүмкін.

Грекия қаржы министрі орынбасары Надя Валавани реформлаар пакетіне дауыс бермейтінін айтып, үкімет құрамынна шығатынын мәлімдеді. Қаржы министрлігінің Ципрасқа жазған хатында Валавани Германия билігі қолданған тәсілдердің "Грекия мен оның үкіметін қорлау" деп санайтынын айтқан.

Грекия қаржы министрінің хатшысы Манос Манусакис те бүгін Ципрас саясатымен келіспейтінін мәлімдеп, отставкаға кеткенін жариялады.

XS
SM
MD
LG