Accessibility links

Қырғыз парламенті депутаты "парамен" ұсталды


Қырғызстан парламенті депутаты Хаджимурат Коркмазов.
Қырғызстан парламенті депутаты Хаджимурат Коркмазов.

Қырғызстан билігі парламент депутаты Хаджимурат Коркмазов 100 мың АҚШ доллары "пара алып тұрған жерінде ұсталғанын" деп хабарлады.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ресми өкілі Рахат Сулаймановтың Азаттықтың Қырғыз қызметіне 15 шілдеде хабарлауынша, Коркмазов 2013 жылы коррупция айыбымен сотталған бұрынғы депутат Нариман Төлеевтің туысынан Жоғарғы соттың қылмыстық іске қатысты оңтайлы шешім шығаруына ықпал ету үшін 200 мың АҚШ долларын бопсалады деген күдікке ілінген.

Сулайманов бас прокуратураның қазір бұл іс бойынша тергеу бастағанын және Коркмазовқа "коррупция, қаржы бопсалау және қызметін теріс мақсатта пайдалану" айыбы тағылғанын айтады.

62 жастағы Коркмазов - этникалық қарашай. Ол полиция генерал-майоры және "Ата Жұрт" саяси партиясының мүшесі.

XS
SM
MD
LG