Accessibility links

АҚШ сенаторлары ФИФА-да реформа жасауға шақырды


Коррупцияға қатысы бар деп айыпталған ФИФА шенеуніктерінің Интерпол сайтындағы суреттері.

Коррупцияға қатысы бар деп айыпталған ФИФА шенеуніктерінің Интерпол сайтындағы суреттері.

Америкалық заңгерлер халықаралық футбол федерациясын (ФИФА) коррупциядан арылту үшін жедел тексеру мен ауқымды реформа жасайтын уақыт жетті деп санайды.

Сенатта шілденің 15-інде өткен тыңдауда сенатор Роберт Блументал ФИФА шенеуніктерінің ісін «мафиялық әрекетке» теңеді.

Ал тағы бір сенатор Джерри Моран АҚШ футбол федерациясына да тексеру жүргізуге шақырды. Бірақ, АҚШ футбол одағының атқарушы директоры Дэн Флин ФИФА-дағы коррупцияның ұйымдастырылуынан хабары жоқ екенін мәлімдеген.

АҚШ сенатындағы кезекті тыңдау ФИФА төңірегіндегі коррупциялық жанжалға арналды. АҚШ билігі ФИФА шенеуніктері заңсыз қаржыны осы елдің банктері арқылы аударған деп күдіктенеді. ФИФА президенті Йозеф Блаттер сенат тыңдауына келуден бас тартқан.

Мамыр айында ФИФА-ның тоғыз шенеунігі және төрт спорт менеджері «коррупцияға қатысы бар» деген айыппен Цюрих қаласында тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG