Accessibility links

НАТО ИМ тобына қарсы күрес аясында ірі жаттығу өткізбек


НАТО бөлімшелерінің 2015 жылы маусымда Польшада өткізген оқу-жаттығуынан көрініс.

НАТО бөлімшелерінің 2015 жылы маусымда Польшада өткізген оқу-жаттығуынан көрініс.

НАТО мен оның одақтастары «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күрес шаралары барысында арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізбек. Шараға 30 елден 36 мың әскери қызмкеткер қатысады деп хабарланды.

Оқу-жаттығу жиыны қазанның 3-і мен қарашаның 6-сы аралығында Италия, Испания, Португалия және Жерорта теңізінде өтеді. Оған қатысуға НАТО-ға мүше емес елдер – Швеция мен Австрия да өтініш білдірген.

НАТО кең көлемді оқу-жаттығу жиынын соңғы рет 2002 жылы өткізген.

XS
SM
MD
LG