Accessibility links

Агенттік: Талғат Ермегияев 4 млрд теңгені заңсыз алған


«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев.
«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев.

«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияев 4 миллиард 200 миллион теңге көлемінде қаржыны заңсыз иеленді деген күдікке ілінді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Айгүл Шаимова мәлімдеді.

"Тергеу кезінде Ермегияевтің 4 миллиард 200 миллион теңгені заңсыз сыйақы ретінде алғаны анықталды. Сот он лауазымды тұлғаға қатысты шара қолданып, оларды үй қамаққа алды" деді Айгүл Шаимова.

Талғат Ермегияев 12 маусым күні Астана қаласының Алмалы ауданы №2 сотының қаулысымен үй қамаққа алынған. Назарбаев 2014 жылдың шілдесінде Талғат Ермегияевтың да жұмысын сынаған болатын. «EXPO-2017» кешені құрылысын жалғастыруға 2015 жылы ұлттық қордан бұған дейін жұмсалған 25 миллиард теңгеге қосымша 40 миллиард теңге бөлінген.

XS
SM
MD
LG