Accessibility links

Грекия парламенті ЕО талап еткен реформаларды мақұлдады


Грекия парламентінің отырысы. Афины, 15 шілде 2015 жыл.

Грекия парламентінің отырысы. Афины, 15 шілде 2015 жыл.

Грекия парламенті Еуропа Одағы талап еткен экономикалық реформалар пакетін мақұлдады. 13 шілдеде Грекия үкіметі мен еуро қолданатын елдер басшылары Грекияға қаржылай көмек беруге келісім жасасқан. Бірақ Грекия қаржыны алу үшін салықты көбейтіп, еңбек және зейнетақымен қамтамасыз ету заңдарына өзгерістер енгізуі тиіс.

Реформалар пакетін 229 депутат қолдап, 54 депутат қарсы дауыс берді. Заң жобасын еуропашыл үш оппозициялық партия қолдады. Премьер-министр Алексис Ципрастың басқарушы солшыл "Сириза" партиясының бірнеше мүшесі, оның ішінде энергетика министрі Панагиотис Лафазанис пен бұрынғы қаржы министрі Янис Варуфакис реформаға қарсы болды.

Грекия премьер-министрі елде кредиторлар талабына көнуден басқа жол қалмағанын мәлімдеді. "Бізде өзіміз мүлдем келіспейтін шарттарға көну немесе дефолт болуды таңдау ғана болды" деді Ципрас өз партиясы мүшелері алдында.

Парламентте реформалар пакетін талқылау кезінде елде жаңа экономикалық шараларға қарсы жаппай демонстрациялар да болды.

XS
SM
MD
LG