Accessibility links

Жапония шетелде әскер қолдануды қарастырып жатыр


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.

Жапония парламентінің төменгі палатасы Жапония әскерилерінің шетелде әскери іс-қимылдарға қатысуына рұқсат ететін заң жобаларын мақұлдады.

Премьер-министр Синдзо Абэнің басқарушы коалициясының депутаттары көпшілік орынға ие парламенттің төменгі палатасы заң жобасын басым көпшілік дауыспен мақұлдады. Оппозициялық партиялар құжатқа байкот жариялады.

"Жапонияның айналасындағы қауіпсіздік жағдайы шиеленісіп барады. Бұл заң жобалары жапониялықтардың өмірін қорғап, соғыстың алдын алу үшін қажет" деді Абэ дауыс беруден кейін.

Құжаттар енді парламенттің жоғарғы палатасына жіберілмек. Жоғарғы палатада да Абэ коалициясы көпшілік орынға ие.

Сауалнама нәтижелері жапониялықтардың жартысынан көбінің қарулы күштердің шетелде әрекет етуіне қарсы екенін көрсетіп отыр. Қарсылар заң жобалары Жапонияда 70 жыл бойы пацифизм идеологиясына нұқсан келтіріп, екінші дүниежүзілік соғыстан бері жапон сарбаздарының алғаш рет шетелдердегі әскери қимылдарға қатысуына жол ашады дейді.

XS
SM
MD
LG