Accessibility links

Астанада дәстүрлі музыка жиыны өтіп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде 43-халықаралық дәстүрлі музыка конференциясы өтіп жатыр.

Шілденің 22-не дейін өтетін бұл жиында 70-ке жуық елден келген 700-ге тарта этно-музыка танушы сарапшылар мен мамандар дәстүрлі ән мен бидің бағыт-бағдары туралы пікір алмасады. Конференцияның бүгінгі ашылу сәтіне премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысып, жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дәстүрлі музыка жөніндегі халықаралық кеңестің дүниежүзілік конференциясы 1947 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Қазақстанда бұл конференция биыл бірінші рет өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG