Accessibility links

АҚШ-пен қылмыстық істе құқықтық көмек келісімі мақұлданды


Қазақстан жоғарғы соты ғимараты. (Көрнекі сурет).

Қазақстан жоғарғы соты ғимараты. (Көрнекі сурет).

Астана мен Вашингтон арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру туралы келісім мақұлданды деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Биыл 20 ақпанда Вашингтонда қол қойылған келісімде қылмысты тергеу, тексеру және алдын алуда өзара құқықтық көмек көрсету ережелері қарастырылған.

Келісім бойынша, тараптар бір-біріне қылмысқа қатысты куәлік беру, құжаттың, материалдар мен заттай айғақтардың түпнұсқа екенін көрсету немесе растау, қылмысқа күдіктілердің мекен-жайын анықтау немесе оны тану, куәлік беру үшін қамаудағы күдіктіні тапсыру және басқа да құқықтық көмектерді көрсетеді. Бұған қоса екі жақ келісімге сай күдіктіге тінту жүргізу мен тәркілеу, анықтау, ізін кесу, активін бұғаттау, арестке алу сияқты құқықтық көмектер де көрсетеді.

Құжатта кейбір жағдайларда, оның ішінде "мемлекеттің мүдделеріне қайшы келіп", "егемендігіне қауіп төндірсе" көмек сұраған елдің өтінішінен бас тартылатыны да айтылған.

XS
SM
MD
LG