Accessibility links

Швейцария АҚШ-қа ФИФА шенеунігін экстрадициялады


Интерпол сайтындағы ФИФА-ның іздеу жарияланған бұрынғы қызметкерлерінің суреттері. 3 маусым 2015 жыл.
Интерпол сайтындағы ФИФА-ның іздеу жарияланған бұрынғы қызметкерлерінің суреттері. 3 маусым 2015 жыл.

Швейцария билігі АҚШ-қа осы ел жүргізіп жатқан коррупциялық тергеу аясында ұсталған ФИФА-ың бұрынғы шенеунігін экстрадициялады.

Швейцария федералдық әділет бюросы таратқан экстрадиция туралы мәлімдемеде ФИФА шенеунігінің аты-жөні айтылмайды. Бірақ өткен аптада Reuters агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Джеффри Уэбб өзін коррупция айыбы бойынша АҚШ-қа экстрадициялауға келіскенін хабарлаған.

"ФИФА-ның қамауда отырған жеті шенеунігінің алғашқысы 15 шілдеде АҚШ-қа экстрадицияланды" деп хабарлады Швейцария әділет министрлігі.

"Цюрихте күдікті америкалық полицейлерге табысталды. Олар оны Нью-Йоркке ұшатын рейске алып кетті" делінген мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG