Accessibility links

Донбастың өзін-өзі басқаруын конституциялық сот қарайды


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) Донбассқа ерекше мәртебе беру туралы ұсынысын парламентте таныстырып тұр. Киев, 16 шілде 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) Донбассқа ерекше мәртебе беру туралы ұсынысын парламентте таныстырып тұр. Киев, 16 шілде 2015 жыл.

Украина парламенті президент Петр Порошенконың конституцияға Донбастың кейбір аймақтарына ерекше мәртебе беру туралы өзгерістер енгізу ұсынысын Конституциялық сотқа жіберуді қолдап дауыс берді.

Өзгерістер жобасында "Донецк мен Луганск облыстарының ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймақтарында жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекшеліктерін арнайы заң реттейтіні айтылған.

Порошенко заң жобасын парламентке 15 шілдеде ұсынған. Мұның алдында ғана Киевке АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд келіп кеткен.

АҚШ пен Франция және Германия басшылары бұған дейін Порошенконы конституцияға Минск келісімі бойынша Донбастың кейбір аймақтарына өзін-өзі басқаруда кеңірек билік беру туралы өзгерістер ұсынуға шақырған.

Бірақ сепаратистер өздері бақылайтын аудандардың ерекше мәртебесі конституцияда көрсетілуі тиіс дейді.

XS
SM
MD
LG