Accessibility links

AI Өзбекстанға қатысты петицияға қол жинай бастады


Amnesty International құқық қорғау ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Amnesty International құқық қорғау ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

Халықаралық Amnesty International (AI) құқық қорғау ұйымы Еуропа Одағы (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могеринидің атына жолданатын петицияға қол жинай бастады. Петицияда Могериниді "Өзбекстандағы адамды азаптау мен қатыгездік көрсетуді тоқтатудың барлық қолдан келер шарасын" жасауға шақырған.

Петицияда бұған қоса қазан айында ЕО сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Өзбекстанға қатысты мәселені талқылауға шақырған ұсыныс та бар. AI ұйғарымынша, Өзбекстанда қауіпсіздік күштері мен түрме қызметкерлері "тұтқындарды мойындату үшін азаптап, тұтқындар мен олардың туыстарына ықпал ету үшін басқа да масқаралайтын ақпараттарды пайдаланады".

AI әсіресе "билік мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп санайтындар, оның ішінде құқық қорғаушыларға" ерекше қысымға ұшырайды деп санайды.

Халықаралық ұйым ЕО "Өзбекстанмен жабық есік жағдайында бизнес жасағанды жөн көріп" адамдарды қатыгездікпен азаптау фактілеріне жауап беруден қалды деген пікірде.

XS
SM
MD
LG