Accessibility links

Ораза айт мейрамы басталды


Ақсай мешітіндегі айт намазынан шыққан адамдар. Алматы, 17 шілде, 2015 жыл.
Ақсай мешітіндегі айт намазынан шыққан адамдар. Алматы, 17 шілде, 2015 жыл.

Ораза ұстау мерзімі аяқталып, бүгін таңертең оқылған Айт намазынан кейін Қазақстандағы мұсылман қауымы Ораза айт мейрамын тойлауға кірісті.

Үш күнге жалғасатын Ораза айт кезінде мұсылмандық діни жоралғы бойынша жұрт отбасында дастарқан жайып, бір-бірінің үйіне айттап келген қонақты қарсы алып, оған арнайы әзірленген дәм ұсынады.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Ораза айт мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының соңы болып есептеледі.

XS
SM
MD
LG