Accessibility links

Sweden Open: Путинцева - ширек финалда


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.

Қазақстандық Юлия Путинцева Швецияның Бастад қаласында өтіп жатқан, жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Sweden Open (Швеция ашық чемпионаты) теннис жарысының ширек финалына шықты.

Ол екінші айналымда франциялық Ализе Лимді ұтты - 6:0, 1:6, 6:2.

Әлемдік рейтингте 74-орында тұрған Путинцева ширек финалда әлемнің 106-ракеткасы чехиялық Клара Коукаловамен ойнайды.

XS
SM
MD
LG