Accessibility links

Австралияда MH17 апаты құрбандарын еске алды


Украиналық құтқарушылар Boeing 777 ұшағы апатында қаза тапқандардың денелерін жинап жүр. Донецк, Украина, шілде 2014 жыл.

Украиналық құтқарушылар Boeing 777 ұшағы апатында қаза тапқандардың денелерін жинап жүр. Донецк, Украина, шілде 2014 жыл.

Австралияда осыдан тура бір жыл бұрын Украинада апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing 777 ұшағында құрбан болғандарды еске алды. 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысында атып түсірілген Malaysian Airlines компаниясының ұшағында арасында ондаған Австралия азаматы бар, барлығы 298 адам қаза тапқан.

Австралия премьер-министрі Тони Эбботт бүгін Канберрада парламент ғимараты бағында апаттан қаза тапқан 38 австралиялық азаматтың аты-жөні жазылған мемориалдық тақтаны ашты. Тақта орнатылған орынға ұшақ құлаған жердің топырағы да қойылған.

Нидерланд мамандары жүргізген тергеу нәтижелері бойынша, ұшақ апатына Украина шығысында әрекет еткен ресейшіл сепаратистердің қатысы бар. Мамандар тергеуде табылған кейбір айғақтарға қарап Boeing ұшағының Ресейде шығарылған зениттік зымыран кешенімен атып түсірілді деген қорытынды жасаған.

Мәскеу мен сепаратистер апатқа қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG