Accessibility links

Дэвис кубогы: Кукушкин мен Недовесов жеңіске жетті


Михаил Кукушкин

Михаил Кукушкин

Теннистен Дэвис кубогының ширек финалындағы Австралия мен Қазақстан арасындағы кездесудің алғашқы екі ойынында қазақстандық теннисшілер жеңіске жетті.

Австралияның Дарвин қаласында өтіп жатқан жарыстың алғашқы күні Михаил Кукушкин (әлемнің 63-ракеткасы) Танаси Коккинакисті (69) жеңді. Есеп 6:4, 6:3, 6:3.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 115-ракеткасы Александр Недовесов Австралияның бірінші ракеткасы Ник Кирьосты (41) ұтты - 7:6, 6:7, 7:6, 6:4.

Қазір Қазақстан Австралиядан 2:0 есебімен басым тұр.

18 шілдеде Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Ллейтон Хьюит және Сэм Грот жұбымен кездеседі.

19 шілдеде Михаил Кукушкин Ник Кирьоспен, Александр Недовесов Танаси Коккинакиспен ойнайды.

Бес матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен құрама Дэвис кубогының жартылай финалына шығады.

XS
SM
MD
LG