Accessibility links

АҚШ: Теннессидегі атыстан бес адам мерт болды


Чаттануг әскери нысаны ауданындағы атыс болған маң. Теннесси, АҚШ, 16 шілде 2015 жыл.
Чаттануг әскери нысаны ауданындағы атыс болған маң. Теннесси, АҚШ, 16 шілде 2015 жыл.

АҚШ-тың Теннесси штатындағы Чаттануг әскери нысанында болған атыстан бес адам, оның ішінде шабуылдаушының өзі оққа ұшты. Билік өкілінің хабарлауынша, бұл қылмыс "мемлекетішілік терроризм актісі" деп қарастырылып отыр.

АҚШ президенті Барак Обама кісі өлімін "қайғылы оқиға" деп атап, оны мұқият тексеруге шақырды. АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер оқиғаны "мағынасыз зорлық актісі" және "жексұрындықпен жасалған қылмыс" деп атады.

Шабуылдан төрт теңіз жаяу әскері қаза тапқан. Ақпараттарға қарағанда, "Мустанг" кабриолетімен келген күдікті сауда орталығында орналасқан армияға жаңа қабылданғандарды іріктеу орталығына кіріп, оқ атқан. Бұдан соң ол ол жерден 10 километр қашықтықта орналасқан әскери-теңіз күштерінің резервтік орталығына барып, ол жерде төрт әскери қызметкерді атып өлтірген. Өзі сол жерде полицей оғынан мерт болған. Шабуылдан үш адам, оның ішінде полицей мен теңіз жаяу әскерінің бір сарбазы жараланған.

XS
SM
MD
LG