Accessibility links

Шымкентте айт күнінде тегін автобус жүріп жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Шымкентте ораза айт күніне орай тегін қоғамдық көліктер шығарылды. «Green bus company» фирмасы директорының орынбасары Бақытжан Рысбековтың Азаттыққа айтуынша, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен қалада он қоғамдық көлік жолаушыларға тегін қызмет көрсетіп жатыр.

- Бұл – бір күндік шара. Бүгін таңертеңгі сағат жетіден бастап 5 бағытта 10 қоғамдық көлік жолға шықты. Олар - 27, 78, 135, 35, 12 бағыттағы автобустар. Мақсат - ораза айтта ораза ұстаған азаматтарға жеңілдік жасау, - дейді Бақытжан Рысбеков.

Бақытжан Рысбеков Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі қала сыртына, орталықта және жаңа әкімшілік іскерлік орталығында жүретін қоғамдық көліктердің жүргізушілеріне бір күндік жалақысын бергенін, ал «Green bus company» ЖШС автобусты жүргізушілерге жалға емес, тегін бергенін хабарлады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG