Accessibility links

Министрлік: Қазақстан кемелері Каспийде атыс ұйымдастырды


Каспий теңізінде жүрген "Қазақстан" зымыран-артиллериялық кемесі. 17 шілде 2015 жыл.

Каспий теңізінде жүрген "Қазақстан" зымыран-артиллериялық кемесі. 17 шілде 2015 жыл.

Қазақстан әскери-теңіз күштерінің кемелері Каспий теңізінде "Каспий теңізі - 2015" теңіз биатлоны сайысына қатысуға дайындалу үшін атыс ұйымдастырды деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігі.

Хабарламада 17 шілдеде атысқа "Қазақстан", "Орал" және "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кемелер экипажы қатысып жатқаны айтылады. Қазақстан теңіз әскерилері Түркіменстан, Әзербайжан және Ресей әскерилерімен дәлдеп атудан сайысқа түседі.

"Каспий теңізі - 2015" сайысы - Каспий маңы елдері әскери-теңіз күштері арасында өтпек алғашқы жарыс. Сайыс жазда Каспийдің Ресей жақ бөлігінде өтеді.

XS
SM
MD
LG