Accessibility links

Киев Ресей дипломатын "персона нон грата" деп жариялады


Ресейдің Одессадағы консулдығы қақпасы. Маусым 2015 жыл.
Ресейдің Одессадағы консулдығы қақпасы. Маусым 2015 жыл.

Украина сыртқы істер министрлігі Ресейдің Одессадағы бас консулы міндетін атқарушы дипломатты "персона нон грата" деп жариялады. Шешім Украина қауіпсіздік қызметінің сұрауы бойынша қабылданған.

Украина қауіпсіздік қызметі сайтында хабарланғандай, Ресей консулдығының қызметкері "дипломат мәртебесіне сай келмейтін қызметпен айналысып, консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы ережелерін бұзған". Бірақ хабарламада ресейлік дипломаттың аты-жөні мен нақты қандай ереже бұзғаны айтылмаған.

Ал Ресейдің Украинадағы елшілігі сайтында Одессадағы бас консул міндетін Валерий Шибеко атқарғаны және оның Украина территориясынан ендігі шығып кеткені хабарланды.

Валерий Шибеко бас консул міндетін атқарушы болып 2014 жылдың наурызында тағайындалған. Бұған дейін ол Ресей сыртқы істер министрлігі аппаратында ұлтаралық ақпараттық проблемалар бөлімін басқарған.

XS
SM
MD
LG