Accessibility links

СІМ Бішкекте қазақстандық "оққа ұшқанын" тексеріп жатыр


Антитеррорлық операция болған жерде жүрген қырғыз арнайы қызметі жасақтары. Бішкек, 16 шілде 2015 жыл.
Антитеррорлық операция болған жерде жүрген қырғыз арнайы қызметі жасақтары. Бішкек, 16 шілде 2015 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 16 шілдеде Бішкекте болған антитеррорлық операцияларда Қазақстан азаматының ұсталғаны, я көзі жойылғаны ықтимал делінген ақпаратты тексеріп жатыр деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Қазір нақты егжей-тегжейлі ақпарат жоқ, соны күтіп отырмыз. Ақпарат түскен бойда хабарлаймыз. Қазір тексеру жүріп жатыр" деген министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Қырғыз арнайы қызметі 16 шілдеде кешке жақын Бішкекте операцияда халықаралық экстремистік ұйымның күдікті төрт содырының көзі жойылғанын хабарлаған. Күдіктілер "кәдімгідей қарулы қарсылық көрсеткен". Ал бүгін қырғыз арнайы қызметі арнайы операцияда көзі жойылған қарулы топтың Бішкектегі түрмеден қашып шығып, 1 шілдеде ұстау кезінде өзін-өзі жарып жіберген қазақстандық Альберт Абхинмен байланысы барын мәлімдеген.

Қазақстандық Альберт Абхин мен Жанболат Әміов өткен жылы "шекараны заңсыз кесіп өту" және "жалған құжат жасау" айыптарымен төрт жылға сотталған. Маусым айында оларға қоныстандыру колониясынан қашып кетті деп іздеу жарияланып, шілденің басында қырғыз арнайы қызметі Абхинді өзін-өзі жарып жіберді деп хабарлаған. қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Жанболат Әміровтің қайда екені белгісіз деген.

XS
SM
MD
LG