Accessibility links

Бішкек марапатқа қатысты АҚШ елшісін шақыртты


Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаров.

Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаров.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) АҚШ мемлекеттік департаментінің түрмедегі құқық қорғаушы Азимжан Асқаровты марапаттауына наразылық танытып, АҚШ-тың Бішкектегі уақытша сенімді уәкілі Ричард Майлзды шақыртып алды.

СІМ 17 шілдеде таратқан мәлімдемесінде Қырғызстан үкіметі 1993 жылы жасалған Қырғызстан-АҚШ ынтымақтастық туралы келісімін біржақты түрде бұзатыны айтылған.

Асқаровқа берілген 2014 жылғы Адам құқықтарын қорғаушы сыйлығы 16 шілдеде Вашингтонда оның ұлына табысталған.

Қырғызстан СІМ 15 шілдеде "Мемлекеттік департамент сыйлығы дұрыс адамға беріліп отырған жоқ. Асқаровты марапаттауды еліміздегі этникааралық бейбітшілік пен үйлесімділіктің күшеюіне қарсы саналы түрде жасалып отырған әрекет деп есептейміз" деп мәлімдеген.

Азимжан Асқаров 2011 жылы 2010 жылдың маусымында болған қырғыздар мен этникалық өзбектар арасында болған жанжалдарда "этникааралық жаулықты қоздырып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, құқық қорғау органы қызметкерлерінің өліміне қатысы бар" деген айыптармен өмір бойы түрмеде отыруға сотталған. Асқаровтың өзі мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары үкімді "әділетсіз, негізсіз дәлелдерге сүйеніп шығарылған" деп санайды.

XS
SM
MD
LG