Accessibility links

Бішкектегі атыста алты адам өлгені хабарланды


Бішкектегі арнайы операция орнында жүрген арнайы жасақ. 16 шілде 2015 жыл.

Бішкектегі арнайы операция орнында жүрген арнайы жасақ. 16 шілде 2015 жыл.

Бішкекте 16 шілдеде болған қарулы топпен атыста күдікті алты "содырдың" көзі жойылып, "Альфа" арнайы жасағының төрт қызметкері жараланды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Бұған дейін Қырғызстан билігі террористік ұйымдарға қатысы бар деген күдікті төрт адамның көзі жойылғанын хабарлаған.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ресми өкілі Рахат Сулаймановтың Азаттыққа айтуынша, арнайы операция орнын милиция қоршауға алып, тергеушілер мен саперлер жұмыс істеп жатыр.

Сулайманов қарулы қарсылық көрсеткен адамдардың кім екені, қайдан шыққаны және Қырғызстанға не үшін келгені туралы ақпараттар тергеу аяқталған соң белгілі болатынын айтты.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған дейін Бішкектегі операцияларда Қазақстан азаматының қаза тапқаны, я ұсталғаны туралы ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG