Accessibility links

"АрселорМиттал Теміртау" зауытын сататынын жоққа шығарды


"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы бас директоры Виджай Махадеван.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы бас директоры Виджай Махадеван.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы басшылығы қазақстандық ақпарат құралдарындағы компанияның Қазақстандағы сататыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ компания нарықтағы жағдайға байланысты проблема барын айтады.

"Осы аптаның басында "АрселорМиттал Теміртау" Қазақстандағы зауытын сатуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл жалған. Бірақ компанияның өте ауыр кезеңді бастан кешіп жатқанын және жақын арада жағдай жақсаратыны байқалмайтынын айтуға тиіспін" деген компания сайтындағы ақпаратта "АрселорМиттал Теміртаудың" бас директоры Виджай Махадеван.

Хабарламада Қазақстан мен Ресей нарығында құрыш тұтыну азайып, ал Қытайдың құрыш өндіру көлемін көбейткені және жаңа тұтыну нарығын іздеп жатқаны айтылған. Бұған қоса ресейдік өндірушілердің рубль девальвациясынан ұтылып отырмағаны да айтылады.

"АрселорМиттал Теміртау" басшылығы 2013 жылы да компания сатылады деген ақпаратты жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG