Accessibility links

Қырымды алуға қарсы депутатқа іздеу жарияланды


Ресей парламентінің депутаты Илья Пономарев.

Ресей парламентінің депутаты Илья Пономарев.

Ресей соты мемлекеттік дума депутаты, 2014 жылы Украинадан Қырымды аннексиялап алуға қарсы дауыс берген Илья Пономаревке іздеу жариялап, тұтқындауға ордер берді.

Пономаревтің адвокаты Мария Баст 17 шілдеде Мәскеу сотында қазір АҚШ-та жүрген Пономаревтің Ресейге келіп, тергеушілердің кез-келген сұрағына жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

Ресейлік тергеушілер "мемлекеттен қаржыландырылатын технологиялық қор Пономаревке дәріс оқығаны үшін 750 мың АҚШ долларын төлеген, бірақ депутат қысқа ғана комментарий айтқан" дейді.

"Единая Россия" партиясының мүшесі Пономарев 2014 жылы наурыз айында депутаттар арасынан жалғыз өзі Ресейдің Қырым түбегін аннексиялап алуына қарсылық танытқан.

Сәуір айында Пономарев депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айырылған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамай, істің саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG