Accessibility links

Қазақстан 4 миллиард долларға еурооблигация шығарды


 Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан қаржы министрлігі төрт милилард АҚШ долларына тең 10 және 30 жылдық еурооблигацияларды шығару туралы келісімді аяқтады.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, облигация 4 миллиард доллардың 2,5 миллиардын 2025 жылы, 1,5 миллиард долларын 2045 жылы төлеу шартымен шығарылған. Облигацияларға Moody's шкаласы бойынша Baa2 рейтингі, S$P шкаласы бойынша BBB, Fitch шкаласы бойынша BBB+ рейтингі берілген.

Тартылатын қаржы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін жұмсалады дейді министрлік.

XS
SM
MD
LG