Accessibility links

Ципрас өзін сынаған министрлерді қызметтен алды


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас халықаралық кредиторлар қаржы көмегін беру жайлы Афинамен келіссөз бастау үшін талап етіп отырған бюджетті қатаң үнемдеу шараларына қарсы шыққан министрлерді отставкаға жіберді.

Бұған дейін жұма күні Германия парламенті қаржылай көмектің үшінші пакеті бойынша Грекиямен келіссөздерді жалғастыруды мақұлдаған. Сол күні еуро аймағы елдерінің жетекшілері Грекияға 86 миллиард еуро көлемінде несие бөлуге арналған үш жылдық жоспар туралы алдын ала келісім жасағаны хабарланған.

Сонымен бірге Грекия жаңа қаржы көмегі жайлы келісімге келгенге дейін экономиканы ұстап тұру үшін 7 миллиард еуроның бридж-кредитін алмақ.

Премьерді қолдайтын «Сириза» солшыл радикалдар партиясынан сайланған депутаттардың бір бөлігі бейсенбі күні реформа туралы заңдарға қарсы дауыс берген соң Ципрасқа бұл мәселеге қатысты парламентте оппозицияға арқа сүйеуге тура келген.

XS
SM
MD
LG