Accessibility links

Нуланд: АҚШ Минск келісімінің орындалуын күтеді


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия жөніндегі көмекшісі Виктория Нуланд. Киеве, 16 шілде 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия жөніндегі көмекшісі Виктория Нуланд. Киеве, 16 шілде 2015 жыл.

Егер Украинаның шығысында қарулы тайталас өршитін болса, АҚШ Ресейге қарсы санкциялар күшейтілуі мүмкін деп санайды. Сенбі күні Шустер-Live телебағдарламасынан АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуландтың мәлімдеуінше, қазіргі санкциялар Минск келісімдері толық орындалғанша күшінде қалады, ал егер жанжал ушығатын болса – ол да күшейтіледі.

АҚШ-тағылар Ресейге қарсы жасалған қысым Мәскеу мен Украинаның Луганск және Донецк аймақтарындағы ресейшіл сепаратистерді Минскіде жасалған келісімде өздеріне алған міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді деп үміттенеді. Сонымен бірге Нуланд АҚШ-тың Украинаға әскери көмек көрсетіп отырғанын еске салған. Оның айтуынша, осы кезге дейін АҚШ әскери көмек аясында Киевке 150 миллион долларға жуық соманың жәрдемін көрсеткенін, соның ішінде украиналық әскери қызметкерлерді дайындауға көмектескенін айтқан.

Киевтен түскен хабарларда Украинаның шығысында атысты тоқтату режимін бұзу оқиғалары жалғасып жатқаны айтылған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шілденің 18-іне қараған түні ресейшіл күштер Авдеевка қаласының тұрғын кварталдарын минометтен атқан, қаза тапқан үш бейбіт тұрғын арасында он жасар бала бар деп хабарланды.

Өткен тәулікте украиналық әскерилер позицияларына бірнеше ондаған рет оқ жаудырды деп хабарлайды Украинаның шығысындағы үкімет күштері басшылығының хабарламасында. Өз кезегінде Украина билігін «атысты тоқтату режимін бұзып отыр» деп айыптаған сепаратистер Донецк облысындағы Спартак селосын үкімет әскері «бастырмалата атқылағанын» айтады.

XS
SM
MD
LG