Accessibility links

Иракта жарылыс құрбандары саны жүзден асты


Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Хан-Бани-Садр, Ирак, 18 шілде 2015 жыл.
Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Хан-Бани-Садр, Ирак, 18 шілде 2015 жыл.

Иракта жұма күні болған күшті жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны жүз адамнан асқан. Бұған дейін жарылыстан 80 адам опат болғаны туралы хабарланған еді.

Ел астанасы Бағдатқа жақын жердегі Хан-Бани-Садр қаласында, Рамазан айы аяқталған күні адам толы базарда автокөлікке орнатылған бомбаның жарылыс күші айналасындағы бірнеше үйді қиратқан.

Жарылыс болған жерден құтқарушылар екінші күн бойы адам сүйектерін тауып алып жатқандықтан бұл шабуылдан қаза тапқандар саны әлі де көбеюі мүмкін.

Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы өз мойнына алатынын мәлімдеген. ИМ таратқан мәлімдемеде базарға жанкешті айдап барған автокөлікте үш тонна жарылғыш зат болғаны айтылған. Экстремистер бұл шабуылды шииттерді нысанаға алып жасағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG