Accessibility links

Обама Иранмен «ядролық келісім» жайын түсіндірді


АҚШ президенті США Барак Обама
АҚШ президенті США Барак Обама

АҚШ президенті США Барак Обама әлемнің алты державасы мен Иран арасында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келісімнің егжей-тегжейі туралы баяндады.

АҚШ халқына апта сайынғы үндеуінде Обама бұл келісімде Иранның уран қорын 98 пайызға қысқарту және жоғары байытылған уран өндіруге арналған 20 мыңдай центрифуга санын 6 мыңға дейін азайту көзделгенін айтқан.

Оның сөзінше, Иран ауыр сумен жұмыс істейтін Арак реакторын қару жасауға жарамды плутоний шығара алмайтындай етіп қайта құрастыруға міндеттеме алған. Сонымен бірге Иран енді кемінде 15 жыл бойы дәл сондай реактор салмайтын болады.

Иранның ядролық материалдарды жасырын шығаруына жол бермеу үшін халықаралық атом энергетикасы агенттігінің (МАГАТЭ) әскери инспекторлары Ирандағы ядролық нысандардың барлығын тұрақты түрде тексеріп тұрады. Егер Иран келісім шарттарын орындамайтын болса – ол елге қарсы экономикалық санкциялар түгелдей қайта күшіне енеді деген Обама.

Бұған дейін сенбі күні Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи әлемдік державалармен Тегеранның ядролық бағдарламаға қатысты жүргізген келіссөзі АҚШ-пен жақындасуды білдірмейтінін, Иран бұрынғысынша АҚШ-пен ешбір салада – Таяу Шығыс мәселесінде, халықаралық саясатта және екіжақты проблемаларға қатысты ешқандай келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеген.

Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жұмсартуды көздейтін келіссөздерді үздіксіз екі аптадан аса уақытқа жүргізген Иран мен алты мемлекет шілденің 14-і күні Венада түпкілікті келісімге келген еді.

XS
SM
MD
LG