Accessibility links

Ақ үй Ирактағы шабуылды айыптады


Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Хан-Бани-Садр, Ирак, 18 шілде 2015 жыл.

Жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Хан-Бани-Садр, Ирак, 18 шілде 2015 жыл.

АҚШ үкіметі Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының жасаған шабуылын айыптады.

Ақ үй таратқан мәлімдемеде бұл шабуыл экстремистердің өздері жайлы үнемі көрсететін «шектен шыққан қатыгездігінің мысалы» екені айтылған.

Соңғы деректер бойынша, Иракта жұма күні болған күшті жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 115 адамға жеткен.

Ел астанасы Бағдатқа жақын жердегі Хан-Бани-Садр қаласында, Рамазан айы аяқталған күні адам толы базарда автокөлікке орнатылған бомбаның жарылыс күші сол маңдағы бірнеше үйді қиратқан. Жарылыс салдарынан жүзден аса адам мерт болып, ондаған адам жараланған.

Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы шииттерді нысанаға алып жарылыс жасағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG